АҚШ пен Британия Ресейге қарсы тағы да санкция салмақшы

1284

Вашингтон Магнитскийдің актісі бойынша "олигархтарға" қарсы шектеу жариялау арқылы Мәскеуге қысым жасауды көздеп отыр.

АҚШ пен Британия Ресейге қарсы тағы да санкция салмақшы

АҚШ пен Британия Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу жағын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, ресейлік кәсіпкерлерге қарсы шектеулер енгізіліп, мемлекеттік қарызға қатысты шаралар қабылдануы мүмкін.

Bloomberg дерегі бойынша, Вашингтон Магнитскийдің актісі бойынша "олигархтарға" қарсы шектеу жариялау арқылы Мәскеуге қысым жасауды көздеп отыр. Бұл құжат АҚШ президентіне адам құқығын бұзып, сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға жеке санкциялар салу құқығын береді.

Санкция себептерінің бірі – АҚШ-тың ойынша,Ресей билігінің оппозиционер Алексей Навальныйдың улануын тергеуге кедергі жасауы. Ал екіншісі –Ресей "химиялық қаруды қолдануға тыйым салу" келісімін бұзса, шектеу енгізіледі. 

Табиғат Нұрболат
Фото: investing.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу