Дания Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар Ақ үйдегі кездесуден бөлек, 19 қаңтарда Дания Қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен, Гренландияның Сыртқы істер министрі және НАТО Бас хатшысы Марк Рюттен келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Аталған кездесулердің барлығы Арктика аймағындағы қауіпсіздікті және Гренландияның мәртебесіне қатысты мәселелерді талқылауға арналған.
Айта кетейік, күні кеше АҚШ Конгресі Гренландияны күштеп қосып алу туралы заң жобасын ұсынған. Құжат авторы – конгрессмен Ренди Файн. Ол аталған елді АҚШ-тың бір штатына айналдыру керек деген идеяны айтты.