АҚШ пен ЕО Путин мен Лавровқа санкция салды

891

Тізімде Михаил Мишустин, Владимир Колокольцев, Дмитрий Медведев те бар.  

АҚШ пен ЕО Путин мен Лавровқа санкция салды

АҚШ пен Еуропа Одағы Ресей президенті Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа санкция салды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ЕО-ның ресми журналында жарияланған құжатта Владимир Путин "Украинада әскери операция жасау туралы бұйрық берді және Ресей Қарулы күштері Украинаға шабуыл жасады" деп жазылған. Сергей Лавров Ресей қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде РФ-ның ДХР мен ЛХР-ды дереу мойындау ұсынысын қолдаған.

Сондай-ақ тізімде Премьер-министр Михаил Мишустин, Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев, қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Сергей Иванов және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те бар.

Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррел тізімде тұрған басқа жеке тұлғаларға қатысты санкциялар қолданылатынын атап өтті: олар активтерді бұғаттауға қатысты. Еурокомиссар бұл шектеу қандай активтерге қатысы болуы мүмкін екенін білмейтінін мойындады.

АҚШ-тың Владимир Путин мен Сергей Лавровқа қарсы салған санциялары олардың мемлекеттік юрисдикциядағы активтерін бұғаттауды және америкалық жеке және заңды тұлғалар үшін олармен мәмілелерге тыйым салуды көздейді.

Осыған дейін Ұлыбритания мен Канада да Ресей президенті мен Сыртқы істер министріне санкция салған.

РФ СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Владимир Путин мен Сергея Лавровқа салынған санкцияларды Батыстың абсолютті әлсіздігінің көрінісі деп атаған.

Еуропа Одағы ресейлік компанияларға қатысты санкциялар тізімін кеңейтті: Иркут корпорациясы, КамАЗ, Ресей темір жолдары, Совкомфлот, кеме жасау корпорациялары және тағы басқа.

Сондай-ақ Новороссийскідегі портқа, "Ростех" мемлекеттік корпорациясына, "Севмаш" АҚ-ға қатысты жаңа шектеулер енгізіліп жатыр.

Тізімде "Сириус" ЖШҚ, "Станкоинструмент" ЖШҚ, "Химкомпозит" ЖШҚ, "Калашников" концерні, Тула қару-жарақ зауыты, "Машина жасау технологиясы" ҒӨК, "Жоғары дәлдіктегі кешендер" ААҚ, "Алмаз Антей" концерні, "Базальт" ҮЕҰ, Адмиралтей кеме жасау зауыты, 
Александров ғылыми-зерттеу технологиялық институты, "Аргут" ЖШС, бар. 

Айта кетейік, Биыл 21 ақпанда Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы жарлықтарға қол қойды, ал 24 ақпанда арнайы әскери операцияның басталғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу