АҚШ пен Еуропа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді сұрады

599

Бұған дейін ұйым Запорожье атом электр станциясына жасалған шабуылға байланысты жиын ұйымдастырды.

АҚШ пен Еуропа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді сұрады

АҚШ пен Еуропа елдері 24 тамызда Украина бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кәрі құрлық елдерінің қатарында Албания, Франция, Ұлыбритания, Ирландия, Норвегия бар.

Тиісті өтініш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына жіберілді. Отырыста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Украинаға жасаған сапарының нәтижесі де талқыланбақ.

Бұған дейін Ресей Запорожье атом электр станциясына жасалған шабуылға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ЗАЭС айналасында демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынып, бұл нысанды шабуыл операциясының бір бөлігі ретінде пайдалануға болмайтынын мәлімдеді.

Бірақ Ресей Запорожьедегі атом электр станциясында қарусыздандырылған аймақ құру ұсынысынан бас тартты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу