Әлемдік мұнай өңдеу зауыттары дизель отынының жеткілікті көлемін өндіре алмайды, бұл қайта қымбатшылыққа алып келуі мүмкін, деп жазады Bloomberg.
Мұнай бағасының өсімі де дизель бағасының қымбаттауынан артта қалды. Өткен аптада АҚШ-та дизель отынының бағасы барреліне 140 доллардан асып, жылдың осы уақытындағы рекордтық деңгейге жетті. Еуропада жанармай құны жаздан бері 60%-ға қымбаттады.
"Дистилляттар бойынша қыс айларында тапшылық артуы мүмкін", - деді Халықаралық энергетика агенттігінің мұнай нарықтарының басшысы Торил Бозони. Айта кетейік, Агенттік басшысы айтқан дистилляттарға дизель жатады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу