АҚШ пен Еуропаға виза жасатып берем деп, 60 адамды алдаған алаяқ ұсталды

175

Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады.  

АҚШ пен Еуропаға виза жасатып берем деп, 60 адамды алдаған алаяқ ұсталды Фото: gov.kz

Алматы қаласында АҚШ пен Еуропаға виза жасатып берем деп 330 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зардап шеккендердің саны – 60.

Тергеу мәліметінше, күдікті ұзақ және қысқа мерзімді виза рәсімдеймін деп уәде беріп, азаматтарды сеніміне кірген. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін ол жәбірленушілермен жалған қарыз шарттарын жасаған және әрекетін азаматтық-құқықтық қатынас ретінде көрсетпек болған.

Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-бөлімі бойынша сараланып отыр.

Барлық жәбірленуші анықталып жатыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Прокуратура алаяқтық үшін мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу