Келіссөздер Қатар мен Мысырдың қолдауымен және Түркияның делдалдығымен жүргізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, АҚШ пен Иран жұма күні Ыстанбұлда елдер арасындағы шиеленістің артуына байланысты дипломатиялық келіссөздер өткізеді.
NBC News Таяу Шығыстағы 4 дипломатиялық дереккөзге және бір АҚШ шенеунігіне сілтеме жасай отырып, делегациялар құрамында Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи болатынын хабарлап отыр.
Иран қазірдің өзінде-ақ АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын. Егер оның мақсаты ядролық қарудың дамуына жол бермеу болса, келісімге келу мүмкіндігі жоғары деп үміттенеді.
Тараптар жұма күні Ыстанбұлда кездесу ұйымдастыру үшін тырысып көріп жатыр, десе де кездесу орын мен уақыты әлі нақты емес.
Еске салайық, келіссөздерді Қатар мен Мысыр қолдап отыр, тиісінше Түркия делдалдық жасайды. Кейбір Таяу Шығыс дипломаттарының сөзінше, Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Пәкістан және Оман сыртқы істер министрлері де келіссөздерге қатысуы мүмкін.