АҚШ пен Иран соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр

Мұндай ақпаратты қауіпсіздік саласындағы дереккөздер хабарлаған. 

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр Фото: gazeta.ru

Қос елдің бірнеше рет соғысты тоқтату мүмкіндігін талқылау мақсатында байланыс орнатқаны белгілі болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бір аптада Иран мен АҚШ арасында 2 рет ұсыныс алмасқаны туралы ақпарат Пәкістанның қауіпсіздік құрылымдарына жақын ортада айтылған. Сондай-ақ, Мысыр да соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық қадамға тартылған.

Иранмен соғысты аяқтауға арналған 15 тармақтан тұратын жоспар Ормуз бұғазындағы стратегиялық маңызы жоғары кеме қатынасының болашақ режиміне де қатысты саналады. Жоспарда АҚШ, Иран, Пәкістан және Парсы шығанағындағы бірнеше елдің қатысуымен бірлескен теңіз операциялық тобын құру ұсынылған. Десе де, дереккөздің айтуынша, тармақтардың басым бөлігі Иранның даулы ядролық бағдарламасына байланысты, бұл бағытта соғыс басталмай тұрып жүргізілген келіссөздер еш нәтиже бермеген еді.

Осыған дейін америкалық БАҚ бұл жоспар туралы жазып, соғысты тоқтату үшін Иран басшылығынан елеулі саяси ымыра талап етілетінін жеткізген. Бірақ, Иран билігі әзірге АҚШ-пен қандай да бір келіссөз жүріп жатқанын нақтыламады және растамады.

Кеше ғана Иран соғысты тоқтатудың 3 шартын жариялаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу