АҚШ пен Израиль бұдан былай аймаққа көмек тұрақты түрде көрсетіледі деп сендірді, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Рафах шекара өткелінің ауданында атыстар жүріп жатқанына қарамастан, жексенбіде Египет шекарасынан өткен алғашқы 20 фурға қосымша Газаға гуманитарлық жүк тиелген екінші автоколонна кірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық миссиясының жетекшісі Мартин Гриффитс анклавқа тағы 14 і жүк көлігінің келгенін растап, оны палестиналықтар үшін "үміт сәулесі" деп атады, бірақ халыққа "бұдан да көбірек, әлдеқайда ауқымды көмек" қажет екенін ескертті.
АҚШ пен Израиль бұдан былай аймаққа маңызды көмек тұрақты түрде көрсетіледі деп сендірді.
Еврей мемлекетінің билігі палестиналықтарға су, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жөнелтілгенін хабарлады, бірақ отын әкелуге рұқсат берілмеді.