Қызыл жарты Ай ұйымы Ирандағы қақтығысқа қатысты статистиканы "арнайы топтардың далалық есептеріне" сүйеніп жасағанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Соңғы мәліметке сай, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылдарынан кем дегенде 787 адам қаза тапқан.
– Иранның 300-ден астам аймағының 153-індегі 504 нысанға шабуыл жасалды. 3 600-ден астам фельдшер іздеу-құтқару және эвакуациялау операцияларына қатысып, жараланғандарға медициналық көмек көрсетті, – делінген Қызыл жарты Ай ұйымының мәлімдемесінде.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы "Эпикалық қаһар" операциясының алғашқы 24 сағатында Иранның 1000-нан көп нысаны жойылғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін Трамп Иранға қарсы әскери операцияны тоқтатпайтынын хабарлады.
Мұнан бөлек, inbusiness.kz тілшісі "Ирандағы соғыс хаосқа айналып барады" деген тақырыпта сараптамалық мақала жариялаған болатын.