АҚШ пен Израиль Украинаға қару-жарақ беруден тайынған секілді

853

Екі елдің де тиісті органдары не ресми өкілдері Украинаға жіберетін қару-жарақтың қалмағанын айтып, дабыл қағуда.

АҚШ пен Израиль Украинаға қару-жарақ беруден тайынған секілді

Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлайды.

Израильде өз қауіпсіздігіне зиян келтірмей Украинамен бөлісетін қару-жарақ жоқ, бірақ гуманитарлық қолдау көрсетуге және әуе шабуылдарының алдын алу жүйелерін ұсынуға мүмкіндік бар, деді Кнессет (Израиль парламенті) Сыртқы істер және қауіпсіздік комиссиясының төрағасы Юлий Эдельштейн RTVI-ге берген сұхбатында.

"Израиль гуманитарлық көмек саласында да көп жұмыс істеп келеді және менің ойымша, соңғы кездері әуе шабуылдары немесе әуе дабылы кезінде бейбіт тұрғындарға көмектесетін ескерту жүйелері сынды дүниелерде қол ұшын беруден тайынған емес. Мен өз ұстанымымды жасырмаймын: біз одан да көп нәрсені жасай аламыз", — деді Эдельштейн.

Ал АҚШ-та бұрынғы президент Дональд Трамптың әкімшілігіндегі Қорғаныс министрінің бұрынғы кеңесшісі, отставкадағы полковник Дуглас Макгрегор айнадайын мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, АҚШ-та Украинаға жеткізілімдерді арттыру үшін жеткілікті оқ-дәрілер жоқ. 

"Бізде жібере алатын оқ-дәрілер жеткіліксіз. Бізде оқ-дәрі қоймалары тез босайтын деңгейге жеттік, ал зауыттар көбірек әрі қажетті жылдамдықпен оны өндіре алмай жатыр", — деді ол.

Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыру мәселесі қазіргі уақытта АҚШ-тың "дайындығына байланысты емес".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу