АҚШ пен Канада бірлесіп, Қытаймен күреспек

1024

Ресми Вашингтонның ойынша, Бейжің ұйғырлар мен басқа да мұсылман топтарын қудалап, адам құқығын өрескел бұзған.

АҚШ пен Канада бірлесіп, Қытаймен күреспек

АҚШ пен Канада бірлесе Қытайға қарсы тұруға уағдаласты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Құрама Штаттардың президенті Джо Байденнің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Америкалық президент бұл сөзін Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен виртуалды кездесу өткізгеннен кейін айтты. Ол Трюдомен әлемдік сын-тегеуріндерге қатысты ортақ әрекеттерді талқылаған.

Бүгінгі таңда АҚШ Қытайға санкция саламын деп сес көрсетіп отыр. Ресми Вашингтонның ойынша, Бейжің ұйғырлар мен басқа да мұсылман топтарын қудалап, адам құқығын өрескел бұзған. Сонымен қатар Гонконгты қорғау жобасы оның жоғары автономиясын жоюға бағытталған деп мәлімдеді. АҚШ Қытайды Тайваньға әскери, дипломатиялық және экономикалық қысым көрсетуді тоқтатуға үндеді. Қытай билігі болса, өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып, елдің ішкі істеріне араласпауын сұрады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: thewire.in

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу