АҚШ пен Канада Лукашенконы заңды президент деп мойындамады

672

23 қыркүйекте Беларусь президентінің инаугурациясы өткен еді.

АҚШ пен Канада Лукашенконы заңды президент деп мойындамады

Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті Белоруссия басшысы Александр Лукашенконы заңды президент деп санамайтынын мәлім етті. Канада билігі де дәл осындай пікірде екенін білдірді.

Ведомствоның ресми мәлімдемесінде 9 тамызда Беларусьта өткен сайдаудың әділ өтпегені және оның қорытындысы бұрмаланғаны жазылған. 

Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шамань Лукашенкоға демократиялық жолмен сайланған көшбасшының легитимділігі жетіспейтінін айтты. Ол сонымен қатар Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская сөйлесіп, елдегі ахуалды талқылағанын жеткізді.

Бұған дейін Еуроодақтың бірқатар елі Лукашенконы заңсыз жолмен билікке келген президент деп таныған болатын. Олардың қатарында Литва, Латвия, Польша, Эстония, Слвакия, Дания, Чехия, Германия мемлекеттері бар. 

Еске сала кетсек, 23 қыркүйекте Беларусь президентінің инаугурациясы өтті. Бірақ бұл шара ақпарат құралдарында жарияланбай, жасырын түрде ұйымдастырылды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу