Алдында 26 адамның қазасы жайлы хабарланған.
"Қарлы дауыл Америка Құрама Штаттарында кем дегенде 34 адамның өмірін қиды, ал үйінің ішінде қамалып қалғандарды ескерсек, қаралы санның артары сөзсіз", - деп хабарлайды inbusiness.kz "РИА Новостиге" сілтеме жасай отырып.
Нью-Йорк штатының билігінің мәліметі бойынша, демалыс күндері бір метрден астам қар жауған Буффало қаласының маңында 12 адам қаза тапты.
АҚШ-Канада шекарасындағы Ұлы көлдерден Мексикамен Америка шекарасы бойындағы Рио-Гранде өзеніне дейінгі кең даланы бұрын-соңды болмаған қарлы боран жайлады.
"АҚШ халқының шамамен 60%-ына ауа - райына байланысты бірқатар ұсыныстар немесе ескертулер жасалды", - делінген басылымда.
Жексенбіде ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1,7 мыңнан астам рейс тоқтатылды, ал 200 мыңға жуық тұтынушы жарық пен жылусыз қалды. Бірқатар энергетикалық компаниялар тұтынушыларға электр қуатын, газды және жылуды үнемдеуге кеңес берді, өйткені суық ауа райы күшейіп, желідегі жүктеме артады.