АҚШ пен Қазақстан Республикасының Ядролық материалдар контрабандасына қарсы күресті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты қарастырудың алтыншы кездесуі өтті, деп хабарлайды АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.
АҚШ пен Қазақстан Республикасы өкілдері 22-23 тамыз күндері Астанада бас қосты. Кездесу 2006 жылдың мамыр айында қол қойылған ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрестегі Қазақстанның әлеуетін арттыру жөніндегі америкалық-қазақстандық коммюнике шеңберінде өткізілді.
АҚШ делегациясының құрамында АҚШ мемлекеттік департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және таратпау бюросының, энергетика департаментінің, федералдық тергеу бюросының, қорғаныс департаментінің, ядролық реттеу жөніндегі комиссияның және Астанадағы АҚШ елшілігінің өкілдері бар.
Екі елдің дипломатиялық, саяси, құқық қорғау және техникалық қызмет бабындағы сарапшылары ілгері даму үрдісін бірлесіп қарастырды, Қазақстанның ядролық материалдардың контрабандасына қарсы күресудің үш элементі (алдын алу, анықтау және жауап беру) бойынша Қазақстанның мүмкіндіктерін бағалады.
Алдыңғы кездесу 2009, 2010, 2011, 2013 және 2014 жылдары өткізілген болатын.
Талқылау барысында тараптар бірлескен коммюнике аясындағы болашақ ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Америкалық және қазақстандық делегаттар ядролық және басқа да радиоактивті материалдар контрабандасы мен ядролық және радиологиялық лаңкестікке қарсы күресте екіжақты күш-жігерді жалғастыруға келісті.