Салықтан жалтаруға "жол бермейтін" заң қабылданды

1569

Бұл бізге де тиімді болмақ екен. 

Салықтан жалтаруға "жол бермейтін" заң қабылданды

Сенат "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, заң жобасы қаржы ұйымдары, оның ішінде кредит, сақтандыру, брокерлік және осыған ұқсас басқа да компаниялардың қызметтерін қамтиды. Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтап, ашуға міндетті боламыз. 

"Егер АҚШ-та салық салынатын тұлға осы режимге қосылмаған болса, халықаралық банк аударымдары сомасының 30 пайызы ұсталуы мүмкін", – дейді Жақсылықов. 

Бұл заң бізге тиімді болмақ екен.

"АҚШ-та шот ашқан барлық Қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қазақстанның бюджетіне де оң әсерін тигізеді", – дейді вице-министр.

АҚШ-та 2010 жылы "Шетелдік шоттарға салық салу туралы" заң (FATCA - Foreign Account Tax Compliance Act) қабылданған. FATCA-ның мақсаты – АҚШ азаматтарының салық төлеуден жалтаруына жол бермеу. Жоғарыда айтылғандай, FATCA-ға сәйкес, барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттарына қатысты ақпарат беруге міндетті.

"Қазақстан FATCA нормаларын қабылдаса, екі мемлекет азаматтарының салық салудан жалтаруы мәселелерінде АҚШ пен Қазақстанның өзара іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді", – дейді сенаторлар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу