АҚШ пен КХДР арасындағы келіссөз нәтиже берген жоқ

1005

Америкалықтар кәрістердің ядролық қарудан бас тартқанын қалайды. Бірақ оларды экономикалық санкциялардан босатуға дайын емес. 

АҚШ пен КХДР арасындағы келіссөз нәтиже берген жоқ

Солтүстік Корея билігі АҚШ-пен ядролық қаруға қатысты жасалған келіссөз нәтиже берген жоқ деп мәлімдеме жасады. Сол себепті Стокгольмге осы елден келген делегация жиын соңын күтпей, залдан шығып кеткен. Оларға америкалықтардың еш ұсыныс айтпағаны ұнамаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Дегенмен, АҚШ сабыр сақтап, әліптің артын бағып отыр. Олар мұндай мәселені қысқа мерзімде шешу мүмкін емес деп санайды.

Трамп пен Ким Чен Ын былтыр Сингапурде кездескен. Одан кейін Вьетнамдағы басқосу да  нәтижелі болған жоқ.

Америкалықтар кәрістердің ядролық қарудан бас тартқанын қалайды. Бірақ оларды экономикалық санкциялардан босатуға дайын емес. Осыған ерегіскен кәрістер содан бері бірнеше зымыранды сынақтан өткізді. Соңғысын су асты қайығынан ұшырып, жапондардың жағасын ұстатты.

"Келессөзді тоқтатып, кетіп қалуымыздың себебі – АҚШ өз ұстанымынан бас тартпайтынын түсіндік. Сондықтан әрі қарай созудың еш қажеті жоқ деп санаймыз",– дейді КХДР делегациясының жетекшісі Ким Мен Гиль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу