АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімі алға жылжып келеді

927

Қытайдың вице-премьері 13-15 қаңтарда Құрама Штаттарға барған кезде тиісті құжатқа қол қояды. 

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімі алға жылжып келеді

АҚШ пен Қытайдың мәмілелері нәтижесінде америкалық тауарлардың Қытайға экспортының көлемі алдағы екі жылда 200 млрд долларға дейін жетеді. Бұл туралы Қытайдың сауда министрлігінің ресми өкілі Гао Фэн баспасөз мәслихатында жариялады. 

Вашингтон мен Бейжің келісімнің бірінші кезеңіне қатысты шарттарды 13 желтоқсанда бірлесе мақұлдаған болатын. Бұған дейін сауда келіссөздеріндегі америкалық өкіл Роберт Лайтхайзер Дональд Трамптың қытайлық тауарларға салық салуды кейінге шегеруге қарсы еместігін мәлімдеген еді. Ол сол кезде сауда келісіміне екі елдің президенттері емес, қос тараптың сауда министрлері қол қоятынын айтып кеткен болатын.  

Лайтхайзердің айтуынша, мәміле нәтижесінде америкалық тауарлардың Қытайға экспортының көлемі алдағы екі жылда 200 млрд долларға дейін жетіп, АҚШ-тағы сауда тапшылығы қысқармақ. 

Айта кететін жайт, сауда келісімінің бірінші кезеңіне тиесілі құжатқа қол қойылып, 30 күн өткен соң Құрама Штаттардың қытайлық тауарларға арналған төмендетілген салығы күшіне енеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу