АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өршуде

836

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өршуде

Сауда санкцияларының салдары америкалық инвесторлардың мазасын қашыруда. Себебі, 6 шілдеден бастап АҚШ Қытайдан тасымалданатын, жалпы құны 34 млрд доллар болатын тауар тарифын көтереді. Олардың дені – азық-түлік, компьютер чиптері мен ойыншықтар, деп хабарлайды Atameken TV.

Дәл осы кезеңнен бастап қарымта қайтарған Қытай да америкалық автомобиль мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің салығын арттырады.  Одан бөлек Канада, Мексика, Үндістан, Еуропа елдері де АҚШ импортының тарифын көбейтеді. Сарапшылар осы жағдай Америка экономикасын дағдарысқа ұшыратуы мүмкін екенін айтады. Ерегеспен қабылданған шешімнің соңы елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні өз алдына, салдарынан халық зардап шегеді.  

"Шетелден келетін тауарлар қымбаттап, салдарынан отандық өндірушілер де бағаны көтеріп жібереді. Бұл - мәселенің бер жағы. Осыған жол беріп отырғандар экономиканың әлдеқашан жаһандық сипатқа ие болғанын түсінбейді. Сауда және инвестиция саласына жасалатын шектеулердің соңы жақсылыққа апармайды. Қаншама компаниялар шығаратын өнімдеріне қажетті бөлшектерді әлемнің басқа бір түкпіріндегі елден алдырады. Осындай кедергілер кесірінен бірталай өндіріс тоқтап, жұмыссыздар көбейеді. Оның салдарын жою оңайға соқпайды", - дейді Экономикалық зерттеу орталығының директоры Дэвид Вессел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу