АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы шиеленісе түсті

137

Ертең, 14 қазаннан бастап Қытай америкалық кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі кемелерге порт төлемдерін енгізеді.   

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы шиеленісе түсті Фото: 24.kg

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні қытай тауарларына 100% баж салығын енгізді. Бір тонна жүк үшін 400 юань, шамамен 55 доллар алынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми Бейжің шешімді өз мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында қабылдағанын айтады. Сондай-ақ Вашингтонның бұл әрекеті Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен Теңіз тасымалы туралы екіжақты келісімге қайшы деп санайды.

Дегенмен Қытай америкалық тауарларға қосымша кеден салығын енгізген жоқ. Алпауыт қос ел арасындағы сауда соғысының қайта өршуі нарыққа ықпалын тигізіп отыр. Себебі қаржы саласындағы жағдайдың нашарлауынан қауіптенген инвесторлар алтын мен күміс секілді активтерге жүгіне бастады. Бүгін алтын бағасы 4070 доллардан саудаланып жатыр. Алтын бір тәулік ішінде 50 долларға қымбаттаған. Ал күміс 51,64 доллардан саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу