АҚШ пен Қытай әскери істер бойынша диалогқа дайындалуда

990

Джо Байден мен Си Цзиньпин виртуалды кездесу өткізгеннен кейін, қос елдің шенеуніктері өзара байланысты жандандыра бастады.  

АҚШ пен Қытай әскери істер бойынша диалогқа дайындалуда

Қытай мен АҚШ елдері әскери істер, сонымен қатар Тайвань мен басқа да мәселелерге қатысты диалог жүргізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz South China Morning Post-қа сілтеме жасап. 

Тараптар сонымен бірге гипердыбыстық қаруды бақылау жағын да талқыламақшы. АҚШ Президенті Джо Байден мен ҚХР басшысы Си Цзиньпин виртуалды кездесу өткізгеннен кейін, қос елдің шенеуніктері өзара байланысты жандандыра бастады.  АҚШ-тың қорғаныс министрі Ллойд Остин қытайлық әріптесі Вэй Фэнхэмен және ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Сюй Цилянмен кездесуі мүмкін. Әскери істерге қатысты диалог – саммитте қол жеткізілген келісімдердің бірі. 

Еске сала кетсек, желтоқсан айының басында АҚШ Вашингтон мен Бейжің қару-жарақ жарысын жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу