АҚШ пен Қытай тартысы Азия нарығына кері әсерін тигізді

704

Құрама Штаттар Қытайдың 10 шақты шенеунігіне санкция салатынын жариялаған болатын.

АҚШ пен Қытай тартысы Азия нарығына кері әсерін тигізді

Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленістің кесірінен Азия-Тынық мұхиты аймағының қор индекстері төмендеді. 

Nikkei 225 деп аталатын жапон индексі 0,50%-ға, оңтүстіккореялық KOSPI индексі 0,42%-ға қысқарды. Гонконгтың Hang Seng индексі 1,81%-ға, Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,43%-ға қысқарды.

Аустралиялық ASX 200 индексі 0,31%-ға өсті. Дегенмен Аустралия мен Қытай арасындағы байланыстың нашарлауы мен елдегі құрғақшылықтың ұзаққа созылуы елдің нарығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Құрама Штаттар Қытайдың 10 шақты шенеунігіне санкция салатынын жариялаған болатын.Вашингтон Бейжіңнің Гонконгтағы заң шығарушы кеңестің 4 оппозициялық депутатын қызметінен босату туралы шешімін сынға алған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу