АҚШ пен Қытай сауда келіссөздерінің он үшінші раунды қазан айының басында Вашингтонда өтпек. 2019 жылдың басында Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-тың үкіметтік ведомстволарына Huawei және ZTE шығарған өнімдерді қолдануға тыйым салатын қаулыға қол қойған болатын.
2019 жылдың 15 мамырында Трамп америкалық коммуникациялық инфрақұрылымдарды сыртқы қатерлерден қорғау мақсатында төтенше жағдай режимін енгізді. Осы орайда елдің Сауда министрлігі қытайлық Huawei компаниясын қара тізімге енгізген еді.
Бейжің де, Вашингтон да басқа елдердің оларды сауда соғысының өршуі және әлемдік экономикаға зиян келтіргені үшін кінәлауын қаламайды. Құрама Штаттар Сауда министрлігінің бұрынғы қызметкері Чжоу Сяомин Bloomberg-ке берген сұхбатында осылай деді. Оның ойынша, келіссөздер қос тараптың мәмілегеге келетінін не олардың арасындағы шиеленістің тез арада басылатынын білдірмейді.
Айта кетейік, екі алпауыт 1 қыркүйектен бастап бір-біріне салынған салық көлемін көтерген еді. Сонымен қатар олар 15 желтоқсаннан бастап баж салығын өсіруді жоспарлап отыр.
Табиғат Нұрболат