АҚШ пен Қытайдың өзара санкция алмасуы тоқтар емес

573

7 желтоқсанда Құрама Штаттар билігі Қытайдың 10 шақты шенеунігіне қарсы санкция жариялаған еді.

АҚШ пен Қытайдың өзара санкция алмасуы тоқтар емес

10 желтоқсанда ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі Құрама Штаттардың бірқатар шенеунігі мен үкіметтік емес ұйым қызметкерлеріне қарсы шектеу шараларын енгізді. Бейжіңнің ойынша, Вашингтон қытайлық заң шығарушалардың құқығын таптап отыр. 

"АҚШ Гонконг мәселесі бойынша Қытайдың ішкі істеріне араласып, ұлттық мүддемізге нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан Бейжің Вашингтонға жауап ретінде бірқатар америкалық шенеунікке,нақтырақ айтқанда, Конгресс мүшелеріне, атқарушы билік өкілдеріне, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері мен олардың туыстарына қарсы санкция салады", – деді ведомство өкілі. 

Еске сала кетсек, 7 желтоқсанда Құрама Штаттар билігі Қытайдың 10 шақты шенеунігіне қарсы санкция жариялаған еді. Бұған қытайлық биліктің Гонконгтағы заң шығаратын кеңестің 4 оппозициялық депутатын қызметінен босатуы себеп болды. Ресми дерек бойынша, шектеу шамамен 14 адамға қарсы енгізілді. Олардың қатарында ұлттық өкілдердің жалпықытайлық жиналысы мен Коммунисттік партияның мүшелері бар. Экономикалық санкциялар 7 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Табиғат Нұрболат

Фото: globaltimes.cn

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу