АҚШ пен Қытайдың сауда соғысына Еуроодақ араласады

1273

АҚШ пен Қытайдың сауда соғысына Еуроодақ араласады

Еуропалық Одақ АҚШ-тың Қытаймен өзара сауда-саттығында туындаған мәселелерді сарапқа салмақ. Бұл туралы Брюссельде Еурокомиссия өкілі Даниель Розарио мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. 

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Құрама Штаттар Қытайдан импортталатын 1 мың 300 тауарға қосымша салық салатыны жөнінде жариялады. Еурокомиссия екі ел арасындағы туындаған мәселені шешуде Дүниежүзілік сауда ұйымының маңыздылығын атап өтті.

"Еуропалық одақ кез келген сауда шаралары Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне сай қабылдануы тиіс деп санайды. Бұл ұйым мұндай кикілжіңдерді тиімді шешудің бірнеше жолын ұсына алады. Қос елдің бір-біріне салатын салығының ұйым талаптарына сәйкестігін сараптаймыз", - дейді Еурокомиссия өкілі  Даниель Розарио.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу