Оңтүстік Корея мен АҚШ дүйсенбіде кең ауқымды бірлескен әуе жаттығуларын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Оңтүстік Корея әуе күштеріне сілтеме жасап.
Жаттығуларға F-35A, F-15K мен KF-16 жойғыштарын қоса алғанда, 60-тан астам Оңтүстік Корея әскери ұшақтары қатысады. Өз кезегінде АҚШ F-16 жойғыштары, A-10 мен F-35B Теңіз корпусының шабуылдаушы ұшақтары, FA-18 реактивті ұшақтары сияқты әуе күштерінің 40-қа жуық ұшағын орналастырды.
Жаттығулар топтық ұшу және авиациялық қолдау операциялары сияқты әртүрлі жаттығуларды орындау арқылы одақтастардың алдыңғы қатарлы жойғыштарының жедел үйлесімділігі мен біріктірілген операциялық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
Жаттығулар Корей түбегінде ерекше шиеленісті жағдай аясында өтеді.
Бейсенбіде КХДР "Хвасон-18" жаңа қатты отын құрлықаралық баллистикалық зымыранының алғашқы сынағы туралы хабарлады. Сынақты Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жеке өзі басқарғаны атап өтілді.