АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын өткізеді. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жыл сайын өткізілетін Ulchi Freedom Shield жаттығулары 19-29 тамыз аралығында өтеді. Оның ішіне компьютерлік модельдеуге негізделген негізгі командалық-штабтық жаттығулар, далада өткізілетін жаттығулар және азаматтық қорғаныс жаттығулары кіреді.
Оңтүстік Корея қарулы күштері штаб бастықтарының біріккен комитетінің дерегінше, биыл өтетін оқу-жаттығулар барлық саладағы қауіп-қатерлерді, оның ішінде Солтүстік Кореяның зымырандарымен, GPS кептелісімен, кибершабуылдармен байланысты қауіптердің алдын алуға бағытталған.
"Корея Республикасы мен АҚШ альянсы жаппай қырып-жою қаруын тежеу және одан қорғану үшін өзінің әлеуетін күшейтеді", - делінген хабарламада.
Әскери жаттығуларда Оңтүстік Корея мен АҚШ-тан бөлек, БҰҰ қолбасшылығына мүше бірнеше елдің әскери қызметшілері де қатысады.