АҚШ пен Оңтүстік Корея сегіз зымыранды сынақтан өткізді

595

Жақында Солтүстік Корея жақында Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықтағы сегіз баллистикалық зымыран ұшырды. 

АҚШ пен Оңтүстік Корея сегіз зымыранды сынақтан өткізді

АҚШ пен Оңтүстік Корея елдері бірлесе Солтүстік Корея сынақтарына жауап ретінде 8 зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 4:45-тен 4:55-ке дейін сегіз зымыран ұшырылды.

"АҚШ пен Оңтүстік Кореяның "жер-жер" деп аталатын зымырандарды ұшыруы арандатушыларға тез арада дәл соққы беру қабілеті мен дайындығын көрсетті", – деді оңтүстіккореялық штаб өкілдері.

Оңтүстік Корея әскери күштерінің дерегі бойынша, Солтүстік Корея жақында Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықтағы сегіз баллистикалық зымыран ұшырды. Олар Пхеньяндағы Сунан әуежайының маңынан, Пхенан-Намдо провинциясындағы Кэчхон қаласының айналасынан, Пхенан-Пукто провинциясындағы Тончхан уезінен, Хамген-Намдо провинциясындағы Хамхиннен атылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу