АҚШ пен Оңтүстік Корея: ядролық қаруды қолдану Ким Чен Ын режимінің "соңы" болады

681

Екі елдің қорғаныс министрлері Бірлескен әскери жаттығуларды ұзартуға шешім қабылдады.  

АҚШ пен Оңтүстік Корея: ядролық қаруды қолдану Ким Чен Ын режимінің "соңы" болады Фото: OhmyPhoto

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери ведомстволарының басшылары Пхеньянға Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ядролық қаруды қолдануы оның режимінің "соңы" болатынын ескертті, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.

"Министр Ллойд Остин екеуміз КХДР-дің кез-келген ядролық шабуылы, соның ішінде тактикалық ядролық қаруды қолдану қолайсыз екенін және Ким Чен Ын режимінің альянстың шешуші жауабы салдарынан аяқталатынын растадық", – деді Оңтүстік Кореяның Ұлттық қорғаныс министрі Ли Чжон Соп Пентагондағы журналистерге.

Екі Қорғаныс министрі өздерінің ынтымақтастығын көрсете отырып, жұмада аяқталуы жоспарланған "Қырағы дауыл" (Vigilant Storm) бірлескен әскери жаттығуларын ұзартқандарын мәлімдеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу