АҚШ пен оның одақтастары Ресейге қарсы ауқымды санкциялар енгізеді

1481

Украинаның бүкіл аумағында әскери жағдай жарияланды.

АҚШ пен оның одақтастары Ресейге қарсы ауқымды санкциялар енгізеді Фото: reuters.com

АҚШ пен оның одақтастары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы ауқымды санкциялар қолданбақшы. Бұл туралы CNN арнасы АҚШ әкімшілігінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық телеарнаның хабарлауынша, Вашингтон мен оның серіктестері Ресейге қарсы шектеу шараларын 24 ақпанда жариялайды. Бұл санкциялар олар соңғы күндері талқылаған болатын. 

23 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады. Ол Украина әскерилерін дереу қару-жарақтарын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды.

Осыдан кейін Украинаның бүкіл аумағында әскери жағдай жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу