АҚШ пен Ресей ядролық келісімді жаңартуды талқыламақ

631

Кездесу Вена қаласында өтеді.

АҚШ пен Ресей ядролық келісімді жаңартуды талқыламақ

22 маусымда АҚШ пен Ресей тараптары қос ел арасындағы ядролық стратегиялық шабуыл қаруларын тағы да азайту және шектеу жөніндегі шаралар туралы келісімді ұзарту жағын талқылайды. Австрия астанасында өтетін басқосу екі күнге созылмақ.

Ресей бұған дейін осы келісімді созуға үндеген еді. Құжат бойынша, Мәскеу мен Вашингтонның ядролық арсеналындағы оқтұмсықтардың саны 1550-ден аспауы тиіс. Бұл – қос мемлекет арасындағы ядролық қаруды бақылау жөніндегі соңғы келісім. Оның күші 2021 жылдың ақпанында жойылады. АҚШ  бұл келісімге Қытайдың қосылғанын қалайды. Бірақ ресми Бейжің талқылауға қатысудан бірнеше рет бас тартқан. 

Табиғат Нұрболат

Фото: thebulletin.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу