АҚШ пен Словакия әскери ынтымақтастық туралы келісім жасасты

916

Құжатты Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен және Словакияның қорғаныс министрі Ярослав Надь бен сыртқы істер министрі Иван Корчок қабылдады.

АҚШ пен Словакия әскери ынтымақтастық туралы келісім жасасты

3 ақпанда Америка Құрама Штаттары мен Словакия әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл құжат бойынша, АҚШ Словакияның екі әуе базасын, сондай-ақ басқа да әскери нысандарын пайдаланы алады.

Келісімге Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен және Словакияның қорғаныс министрі Ярослав Надь бен сыртқы істер министрі Иван Корчок қол қойды.

"Біз НАТО-ның бірқатар одақтасымен осындай келісім жасастық. Өйткені, біздің ойымызша, қорғаныс саласында тығыз ынтымақтастық орнату Құрама Штаттардың мүддесіне, одақтастарымыздың мүддесіне, сондай-ақ бүкіл Еуропадағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мүддесіне сәйкес келеді"– деді Блинкен.

Оның айтуынша, бұл келісім "АҚШ осы елде тұрақты түрде әскерін орналастырады" дегенді білдірмейді.

"Словакия мен Америка Құрама Штаттары егеменді серіктестер ретінде бұл құжатты қабылдады.  Бүгінгі келісім Словакияның егемендік қағидаттарына және оның заңдарына қайшы келмейді", – деп сөзін түйіндеді ол.

Табиғат Нұрболат

Фото: sk.usembassy.gov

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу