АҚШ пен "Талибан" бұғатталған резервтер мәселесін талқылады

574

3,5 млрд долларды ауған халқының игілігі үшін пайдалану мүмкіндігі қарастырылды.

АҚШ пен "Талибан" бұғатталған резервтер мәселесін талқылады

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қаржы министрлігінің делегациясы 27 шілдеде Ташкент қаласында Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" қозғалысының өкілдерімен кездесу өткізіп, Ауғанстан Орталық банкінің бұғатталған активтеріне қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АҚШ делегациясының құрамында Құрама Штаттардың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Томас Уэст және терроризмге қарсы іс-қимыл мен қаржылық барлауға жетекшілік ететін Қаржы министрінің орынбасары Брайан Нельсон болды. "Қос тарап Ауғанстан Орталық банкінің 3,5 млрд долларын ауған халқының игілігі үшін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Вашингтон бұл бағыттағы жұмысты тездету қажеттілігін атап өтті", – деп жазылған мәтінде.
АҚШ-тың 2021 жылдың көктемінде өзінің қарулы күштерін Ауғанстаннан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін, "Талибан" ел аумағында бақылау орнату бойынша ауқымды операцияны бастады. Өткен жылдың 15 тамызында олар Кабулға ұрыссыз кіріп, 7 қыркүйекте өзінің уақытша үкіметінің құрамын жариялады. Ол үкіметті әзірге ешбір ел мойындамаған жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу