АҚШ пен "Талибан" қозғалысы келісімге келмеді

1374

Ақ Үй басшысы Дональд Трамп "Талибан" қозғалысы өкілдерімен келіссөздерге бір күн қалғанда кездесуден бас тартты. 

АҚШ пен "Талибан" қозғалысы келісімге келмеді

Ресми Вашингтон Ауғанстандағы "Талибан" радикалдық тобымен бейбіт жолмен реттеуге қатысты келіссөздерді тоқтатты. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жариялады. Дегенмен ол келіссөздердің қайта жүргізілетінінен үмітті екенін жеткізді. Айтуынша, ол үшін тәліптер бұған дейін қол жеткізілген міндеттемелерді орындауға тиіс. 

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео: "Дональд Трамп қойған талаптар орындалмайынша, біз әскерімізді шығармаймыз. Жасақтарды қысқарту үшін нақты шарттар орындалуы керек. Біз мыңдаған тәліпті қарусыздандырдық. Бұл қырып-жою соғысы болмаса да, президент Трамп америкалықтардың мүддесін қорғап жатқандығын халық білуі керек дейді. Біз ешқашан кейін шегінбейміз", – деді. 

Бұған дейін америкалық жасақтар Ауғанстаннан шығарылатын болып келісілген еді. Ал тәліптер ел территориясында АҚШ пен басқа де елдерге шабуыл жасамауы керек болатын. 

Бірақ Ақ Үй басшысы Дональд Трамп "Талибан" қозғалысы өкілдерімен келіссөздерге бір күн қалғанда кездесуден бас тартты. Бұған Кабул қаласындағы тәліптер ұйымдарыстырған лаңкестік себеп болды. Оның салдарынан 12 адам ажал құшқан еді. Оның біреуі америкалық әскери. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу