АҚШ пен Ұлыбритания азаматтары наразылық шеруіне шықты

587

АҚШ пен Ұлыбритания азаматтары наразылық шеруіне шықты

Ұлыбритания азаматтары мен америкалықтар АҚШ-тың Сирия аумағында жасаған зымыран шабуылдарына қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Наразылық шерулері Жаңа Зеландияның Окленд қаласында да өткен. Азаматтар АҚШ президенті Дональд Трамптың әскери саясатын қатаң сынға алды.

Сириялық үкімет басшысы Башар Асад Дума қаласында химиялық қару қолданды деп айыпталған соң, АҚШ, Франция және Ұлыбританияның біріккен күштері Сирия аумағында екі рет зымыран шабуылдарын жасады. Бірінші шабуыл 14-сәуір күні таңертең Дамаск және Хомста болса, екіншісі 17-сәуірде Шайрат әуе базасына бағытталды. Зымырандардың басым көпшілігін сириялық әуе қорғанысы жойып отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу