АҚШ-тың Нью-Йорк штатында полиция қызметкерлері көлікте "үсіп қалған" қуыршақты құтқарды, деп хабарлайды korrespondent.net.
Хадсон қаласының полиция қызметкерлеріне тұрақта тұрған көлік ішінде бір әйелдің үсіп, қатып қалғаны хабарланған. Олар хабар түсе салысымен шұғыл жиналып, оқиға орнына жетіпті. Келген бойда көлік терезесін сындырып, қауіпсіздік белдігін байлаған күйі көлікте қатып қалған "әйелді" құтқарады. Сонда ғана оның жай қуыршақ екенін білген полицейлер бұл туралы өз арасында біраз уақыт әзілдеп жүрді.
Сол түні аяз болған екен. "Қар жапқан көліктегі қарт "әйелді" сырттай қарап, кез-келген адам осылай ойлауы мүмкін", - дейді полицейлер.
"Әйелдің" адам емес екенін сырттай қарағанда білу мүмкін емес. Оған оттегі бетпердесі тағылған, киімі бар, тіпті бет терісінің өзін адамдікінен айыру қиын.
Кейіннен анықталғандай, көлік иесі қуыршақты алғашқы көмек көрсетуді оқып-үйретуде пайдаланған екен.