АҚШ Польшаға әскери қажеттіліктерге 2 миллиард доллар қарыз беруді мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АҚШ мемлекеттік департаменті ақпаратына сілтеме жасап.
"АҚШ Польшамен әскери қажеттіліктерге 2 миллиард доллар көлемінде екінші қарыз беру туралы келісімге келгенін хабарлайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Мемлекеттік департамент бұл шешім НАТО-ны нығайтады, ал Польша өзінің әскери бағдарламасын, соның ішінде АҚШ-тан F-35 жойғыштарын, Patriot Әуе қорғанысы жүйелерін және Abrams танктерін сатып алу бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу