АҚШ Польшаға қосымша 2,5 мың әскери жіберуі мүмкін

1109

Қазір Польша аумағында 5 мыңға жуық америкалық сарбаз бар. 

АҚШ Польшаға қосымша 2,5 мың әскери жіберуі мүмкін

Америка Құрама Штаттары 2,5 мыңға жуық сарбазын Польшаға жіберуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Польшаның ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы Павел Солохиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Жалпы, жоспар бойынша 8,5 мың америкалық әскери бекітілген болатын. 

Қазір Польша аумағында 5 мыңға жуық америкалық сарбаз бар. 
Өткен аптада Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби АҚШ Еуропаға 8,5 мың әскери жіберуге дайын екенін жариялады. Бірақ ол бұған қатысты түпкілікті шешімнің әлі қабылданбағанын жеткізді. Оның айтуынша, жіберілетіндердің қатарында барлау, авиация, медициналық және көлік бөлімшелері бар. 28 қаңтарда Ақ үй басшысы Джо Байден АҚШ билігі жақында Шығыс Еуропаға шағын қосымша әскер жөнелту процесін бастауға ниетті екенін айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу