АҚШ президенті 2020 жылы қайта сайлауға түседі

1427

Дональд Трамп  келесі президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

АҚШ президенті 2020 жылы қайта сайлауға түседі

АҚШ президенті Дональд Трамп 18 маусым күні президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Мен бірінші леди Мелания, вице-президент Майк Пенс және екінші леди Карен Пенспен бірге 18 маусым күні Флорида штатындағы Орландода, 20 000 көрермен сыятын Amway орталығында өзімнің президенттіктің екінші кезеңі үшін бақ сынайтынымды жариялаймын. Осы тарихи сәтте бізбен бірге болыңыздар!" деп жазды Тональд Трамп өзінің Twitter-аккаунтында. Еске сала кетейік, Дональд Трамп 2016 жылғы 8 қарашада өткен президент сайлауында жеңіске жеткен болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу