АҚШ Президенті Джо Байден Украинаны қолдау бойынша кеңес өткізбек

728

АҚШ Президенті Джо Байден мен "Үлкен жетілік" басшылары бүгін онлайн жиын өткізіп, кешегі зымыранмен атқыланған Украинаны қолдау бойынша өз міндеттемелерін талқыламақ деп жазады inbusiness.kz.

АҚШ Президенті Джо Байден Украинаны қолдау бойынша кеңес өткізбек Фото: УНИАН

Кездесуге Украина Президенті Владимир Зеленский де қатысады. Байден дүйсенбідегі мәлімдемесінде Ресей қиратқан нысандардың барлығы қалпына келтіріліп, Батыс елдері шабуылдан қорғайтын озық қаруларды Киевке беруді жылдамдататынын айтқан.

"Бәрінен де Украина бейбітшілікті қалап отыр. Сондықтан біз олардың жеңіске жету жолында көмек беруді босаңсытпауымыз керек", – дейді Ұлыбритания премьері Трасс.

Ұлыбритания биыл Украинаға әскери қолдау көрсету үшін 2,3 млрд фунт стерлинг бөлді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу