АҚШ президенті Ғарыш әскерін құру туралы заңға қол қойды

918

Жасақталатын жаңа құрам Әуе күштеріне бағынатын болады. 

АҚШ президенті Ғарыш әскерін құру туралы заңға қол қойды

АҚШ-та әскердің жаңа түрі – Ғарыш күштері құрылатын болды. Тиісті құжатқа президент Дональд Трамп қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.

Елде 6-әскер болып жасақталатын жаңа құрам Әуе күштеріне бағынатын болады. Ал басшысын президент тағайындап, конгресс бекітеді.

Еске сала кетейік, президент Трамп ғарыш әскерінің құрылатыны жөнінде өткен жылдың маусым айында мәлімдеген.

"Ғарыш кеңістігі – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі. Қазір өзге елдер ғарыштағы мүмкіндіктерін жан-жақты дамытып, дағдарысты жағдайда әрекет ету тәсілдерін дайындауды қолға алған. Сондықтан мұндай әскер түрі елге қажет", – деді Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу