АҚШ Президенті төтенше жағдай мерзімін ұзартты

1012

Пандемия басталғалы АҚШ-та 933 749 адам қайтыс болды.

АҚШ Президенті төтенше жағдай мерзімін ұзартты

АҚШ Президенті Джо Байден Конгресске коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдайды ұзарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Төтенше жағдайды жалғастыру қажеттілігі бар. COVID-19 пандемиясы ел тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіруді жалғастыруда", – делінген Президенттің Өкілдер палатасының спикеріне және Сенат төрағасына жолдаған хатында. 

Байден "елде 900 мыңнан астам адам осы аурудан қайтыс болды және COVID-19-мен күресуді жалғастыру, оған барлық мүмкіндіктерді, соның ішінде федералды үкіметтің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жауап беру өте маңызды" деп атап өтті.

Елде COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылдың наурыз айында жарияланған төтенше жағдай 2022 жылдың 1 наурызынан кейін де күшінде болады.  Егер президент оған 90 күн қалғанда Конгреске хабарлама жібермеген болса, режим автоматты түрде жойылуы мүмкін еді.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы АҚШ-та аурудың 78,3 миллионнан астам жағдайы анықталды, оның салдарынан 933 749 адам қайтыс болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу