АҚШ президентінің кеңесшісі Мәскеуге келді

937

АҚШ президентінің кеңесшісі Мәскеуге келді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Картер Пейдж бейсенбі күні Мәскеуге келді. Бұл туралы Haberler басылымы хабарлады, деп жазады egemen.kz.

Пейдждің айтуынша, Ресей астанасында ол ықпалды ірі кәсіпкерлермен кездеспек.

Кеңесшінің бұл сапары 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

Картер Пейдж бұрын Merrill Lynch инвестициялық банкінің Мәскеудегі бөлімшесінде жұмыс істеп, АҚШ пен Ресейдің татуласуына болысқан азамат ретінде танылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу