АҚШ президентінің ұлы Хантер Байденге жаңа айып тағылды

920

Егер оның кінәсі дәлелін тапса, 17 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. 

АҚШ президентінің ұлы Хантер Байденге жаңа айып тағылды Фото: Getty Images

Джо Байденнің ұлы 1,4 млн доллар салық төлемегені үшін айыпталып отыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хантер Байденге жаңа айып тағылды, соның ішінде, үш қылмыстық іс пен алты құқықбұзушылық бар. Олардың барлығы салық төлеуге байланысты.

Айыптаулар бойынша, АҚШ президентінің ұлы 2016-2019 жылдары мемлекет қазынасына 1,4 млн доллар қарыз болып қалған.

Егер оның кінәсі дәлелін тапса, 17 жылға дейін түрмеге қамалуы ықтимал.

Арнайы прокурор Дэвид Уайсстың мәлімдемесі бойынша, Хантер салықтардың орнына ерекше өмір салтына миллиондаған доллар қаржы жұмсаған.

Сонымен қатар, құжатта Байденнің украиналық өндіріс конгломераты директорлар кеңесі мен қытайлық тікелей инвестициялар қорынан тапқан сол жылдардағы табысы аз болмағаны айтылған.

Бұған дейін, Хантер Байденге қару ұстауға қатысты үш қылмыс бойынша айып тағылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу