АҚШ президенттігіне үміткер Десантис: "Украинадан да басқа мәселелер жетіп жатыр"

1024

Рон Десантистің пікірінше, американдық әкімшілік бейбітшілікке жету жолын іздеуі керек.  

АҚШ президенттігіне үміткер Десантис: "Украинадан да басқа мәселелер жетіп жатыр" Фото: cdnstatic.rg.ru

АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Флорида губернаторы Рон Десантис Fox News-ке Украинаны қорғау АҚШ үшін "өмірлік" маңызы бар мәселе емес екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"АҚШ-тың одан да маңызды ұлттық мүдделері көп – біздің шекарамызды қорғау, Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік дайындық дағдарысын шешу, энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікке қол жеткізу, Қытай Коммунистік партиясының экономикалық, мәдени және әскери күшін тежеу, бірақ Украина мен Ресей арасындағы аумақтық дауға одан әрі араласу олардың қатарына кірмейді", - деді Десантис.

"Байден әкімшілігінің бұл қақтығысты "қажет болғанда", ешқандай мақсатсыз немесе есеп берусіз, аямай қаржыландыруы - елдің назарын біз үшін ең өзекті мәселелерден алшақтатады", - деп жалғастырды Десантис.

"Сондықтан F-16 жойғыштары мен алыс қашықтықтағы зымырандар туралы талқылауды тоқтатуымыз керек", – деп қосты ол.

Бұл қадамдар АҚШ-ты қақтығысқа тікелей тартып, бізді екі ірі ядролық держава арасындағы "алапат" соғысқа апаруы мүмкін. Мұндай тәуекелге жол берілмейді деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу