АҚШ Путинге қарсы санкциялар салмайтын болды

4391

Джо Байден Ресей Украинаға басып кірген жағдайда Путинге қарсы шектеу енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. 

АҚШ Путинге қарсы санкциялар салмайтын болды

Ақ үй Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге қарсы санкцияларды әзірге салмайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Америкалық биліктің айтуынша, шектеу техникалық қиындықтар тудыруы мүмкін. 

Егер Вашингтон келіссөз жүргізіп жатқан адамдарға санкция салса, олардың басқа елдерге баруы қиынға соғып, мәмілеге келу процесі ұзаққа созылып кетуі мүмкін. 

АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кірген жағдайда Путинге қарсы шектеу енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Америкалық президент Украина төңірегіндегі шиеленіс әлемді өзгертетін, бірақ ондағы жағдайдың қалай өрбитінін болжау қиын екенін айтты.

Бұған дейін НАТО елдерінің басшылары кезекті жиында Украинадағы жағдай ушыққан жағдайда Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлім еткен еді. НАТО ұйымдастырған виртуалды кездесуге Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байден, Франция басшысы Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, Польша Президенті Анджей Дуда, Италияның министрлер кеңесінің төрағасы Марио Драги, Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен және НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг қатысты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу