АҚШ Украина шекарасындағы ахуалға алаңдаушылық білдіріп отыр

789

АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия елдері Ресейді Украина шекарасындағы шиеленісті басуға шақырған еді.

АҚШ Украина шекарасындағы ахуалға алаңдаушылық білдіріп отыр

Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Ресейдің әскері Украина шекарасында орналасқанын тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, АҚШ осы жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. "Ресейдің біраз әскериі әлі де Украина шекарасында", – деді ол.

Кирби америкалық авиация Қара теңіз үстімен ұшуын жалғастыратынын айтты. "Біз халықаралық заң рұқсат беретін жерде ұшып, әскери операциялар жүргіземіз", – деді Пентагонның өкілі.

АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия елдері Ресейді Украина шекарасындағы шиеленісті басуға шақырған еді. Батыс және украиналық БАҚ, сондай-ақ бірқатар саясаткер Ресей Украинаға әскери шабуыл жасамақшы деп айыптауда. Дәлел ретінде әуеден түсірілген фотолар жарияланды. Ресей өзіне тағылған айыптарды, яғни Мәскеу шиеленісті ушықтырмақшы деген айыпты жоққа шығарып, әскери күштердің орналастырылуы халықаралық келісімдерге қайшы емес деп мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу