АҚШ Ресей банктеріне қарсы санкциялар дайындады

958

Ресей Украинаға басып кірсе, шектеу күшіне енеді.

АҚШ Ресей банктеріне қарсы санкциялар дайындады Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ресейге қарсы санкциялардың алдын-ала пакетін дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Ол бойынша АҚШ банктеріне ірі ресейлік банктер үшін транзакцияларды өңдеуге тыйым салынбақ.

Егер Ресей Украинаға басып кірсе, шектеу күшіне енеді. Осылайша Вашингтон банктер арасындағы "корреспонденттік" қатынастарды бұзу арқылы Ресей экономикасын әлсіретпек.

Сонымен қатар кейбір ресейлік тұлғалар мен компанияларға қарсы санкциялар салынуы мүмкін. Яғни олар қара тізімге енгізіліп, АҚШ-тың банк жүйесінен алып тасталады. Салдарынан оларға америкалықтармен сауда жасауға тыйым салынады және АҚШ-тағы активтері бұғатталады. 

Ескере кететін жайт, соңғы күндері Донбастағы жағдай шиеленісіп кетті. Өз егемендігін жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары мен Украина бітім мен елді мекендерді атпау туралы келісімді бұзды деп бірін-бірі айыптап отыр. Киев болса, бұл аймаққа шабуыл жасауды жоспарлап отырмағанын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу