Украина мен Ресей өкілдері қарашаның 10-11 күндері Абу-Дабиде АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Стив Уиткоффтың мәлімдеуінше, кездесуде соғыстан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шиеленісті бәсеңдету, гуманитарлық көмек және бейбітшілікке бастайтын қадамдар талқыланады.
Бұдан бөлек, осы аптада америкалық келіссөз жүргізушілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуроодақ және НАТО өкілдерімен жүздеспек. Күн тәртібінде Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін беру, Еуропаның соғыстан кейінгі қауіпсіздік жүйесі және Украинаны қалпына келтіруге қажетті экономикалық мүмкіндіктер бар.
Уиткоффтың айтуынша, бұл кездесулер Киев, Осло және Санкт-Петербургте қол жеткен уағдаластықтарды жалғастырып, жан жақты әрі ұзақ мерзімді бейбіт келісімге жол ашуды көздейді.