АҚШ Ресейге қарсы салынған санкцияларды жеңілдетті

1181

Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа пакеті бойынша ресейлік газдың жеткізіліміне шектеу жасалмайды.

АҚШ Ресейге қарсы салынған санкцияларды жеңілдетті

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресей Федерациясына қарсы салынған санкциялардың біразын жеңілдетті, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Құрама Штаттардың Қаржы министрлігі Ресей тарапымен тыңайтқыштар, азық-түлік, егіс материалдары, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтармен байланысты транзакциялар жасауға рұқсат беретінін мәлімдеді.

Рұқсат етілген транзакциялар:
– ауыл шаруашылығы тауарларын, ауыл шаруашылығы жабдықтарын, дәрі-дәрмектерді, медициналық өнімдерді, олардың қосалқы бөлшектерін өндіру, дайындау, сату, тасымалдау және медициналық құрылғыларға арналған бағдарламаны жаңарту
– COVID-19 алдын алу, диагностика жасау немесе емдеу
– Қазір жүргізіліп жатқан клиникалық сынақтар мен медициналық зерттеулер

Сонымен қатар АҚШ "Газпромның" Германиядағы Gazprom Germania GmbH деп аталатын бұрынғы еншілес компаниясын және Қазақстандағы "Альфа-Банктің" еншілесін "қара тізімнен" шығарды.

Бұған дейін Чехия премьер-министрі Петр Фиала Еуроодақтың Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жаңа пакеті бойынша ресейлік газдың жеткізіліміне шектеу жасалмайтынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу